Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

25 қаңтарда тұман мен көктайғақ күшейеді

25 қаңтарда тұман мен көктайғақ күшейеді
Фото: Ашық дереккөзі

25 қаңтар күні елдің бірқатар аймағында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстікте қар мен жаңбыр аралас қар күтілсе, кей өңірлерде жел екпіні 15–20 м/с-қа, ал жекелеген аудандарда 23–28 м/с-қа дейін күшейеді, деп хабарлайды Kznews.kz.

Алматы қаласында түнгі уақытта тұман түсіп, жол беті мұз болып қатып, көлік қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін. Алматы облысының солтүстік, оңтүстік және таулы бөліктерінде де кейде тұман байқалып, көктайғақ болуы ықтимал. Бұл өңірлерде жел оңтүстік-шығыстан соғып, шығыс бөлікте 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шымкентте түнде қар жауып, күндіз жаңбыр аралас қар түсуі мүмкін. Түркістан облысында да түнгі уақытта қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Таулы аумақтарда қалың қар жауып, күндіз жаңбыр аралас қарға ұласуы ықтимал. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аймақтарында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-шығысқа ауысып, 15–20 м/с-қа дейін жетеді, кей жерде 25 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Жамбыл облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз батыс пен оңтүстікте көктайғақ, таулы аудандарда қар мен бұрқасын қайталануы мүмкін, кейде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, жекелеген жерлерде 15–20 м/с-қа, кейде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алакөл көлдері ауданында жел 15–20 м/с-қа дейін жетіп, кейде 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Орталық өңірлерде де ауа райы қолайсыз болуы ықтимал. Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі, ал күндіз оңтүстік пен шығыста да қар мен бұрқасын қайталануы мүмкін. Сонымен бірге батыс, солтүстік және шығыс бөлікте тұман түседі.

Ұлытау облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, күндіз өңірдің оңтүстігі, шығысы және орталығында қар мен бұрқасын сақталып, осы аумақтарда тұман түсуі ықтимал.

Солтүстік пен батыста тұман жиілейді. Ақмола облысының оңтүстік және шығыс аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, тұман басуы мүмкін.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігін де тұман торлауы ықтимал.

Атырау облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының оңтүстігінде түнде көктайғақ болып, орталық, солтүстік және оңтүстік бөліктерде тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс өңірлерде де сақтық қажет: Абай облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, ал Жарма ауданында күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер