Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Құлыбаев төрағалық қызметінен кетті

Құлыбаев төрағалық қызметінен кетті

Тимур Құлыбаев «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті.

Компанияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мырзағалиев сайланды.

«Бұл шешім бүгін Алматы қаласында өткен «KAZENERGY» Кеңесінің отырысында қабылданды», - делінген хабарламада.

«KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылдың 2 қарашасында құрылды.

Бүгінде қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібі салаларындағы компанияларды біріктіреді. Қауымдастықтың мақсаты – әлемде және елімізде энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетика саласының (мұнай-газ және электр энергетикасы) тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының лауазымы қоғамдық жұмыс болып есептеледі, оған жалақы төлеу қарастырылмаған.

ақпарат: azattyq-ruhy.kz фото: kaztag.kz
Автор
Данияр