«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

БҚО әкімінің бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

БҚО әкімінің бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаевқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды.

Ведомстваның мәліметінше, ол "Аqjaiyq" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді.

Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.

Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

ақпарат, фото: Azattyq-ruhy.kz
Автор
Айбар