KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады

KZNEWS

Қостанайда такси жүргізушісі ер адамды пышақтап тастады, - деп хабарлайды Kznews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кеше Орталық базар аумағынан пышақ жарақатын алған ер адам ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

"Бұл дерек тіркелді. Тексеру аясында полицейлер зардап шегушіге такси жүргізушісі жарақат салғанын анықтады. Жәбірленуші мен такси жүргізушісі арасында жанжал шыққан", - делінген хабарламада.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

фото: риамо
KZNEWS
Автордың басқа материалдары