Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

22 жастағы қызылордалық ару мал бордақылауды кәсіп етті

22 жастағы қызылордалық ару мал бордақылауды кәсіп етті
Қызылорда қаласының тұрғыны Карина Шыныбаева мал бордақылау кәсібін қолға алды.

Қаланың іргесіндегі Қарауылтөбе ауылынан жер алып, шаруа қожалығын ашқан Карина жылқы бағып қана қоймай, құстың түр-түрін өсіріп отыр.

«Бизнесімді бастау үшін Қызылордадағы кәсіпкерлер палатасынан кеңес алдым. «Бастау» жобасынан кәсіптің қыр-сырын үйренуге тырыстым. Көптен бері ойымда жүрген жоспарым - мал бордақылаумен айналысуға бел байладым. Себебі, Сыр өңірінің халқы жылқы етін көп тұтынады. Әсіресе, қысқы соғымға алатын адам көбейеді. Бизнес идеям қолдауға ие болып, «Аграрлық несие корпорациясы» 10 миллион теңге несие берді. Оған 30-ға жуық жылқы сатып алып, бордақылаудың қамын жасап жатырмыз. Бұдан басқа тауық, күркетауық, қаз, үйрек асырап отырмыз», - дейді жас кәсіпкер.

Карина Шыныбаева 17 жасында тұрмыс құрған. Қазір екі баланың анасы. Оспановтар әулетіне келін болған оның кәсібіне ата-енесі мен жолдасы қол ұшын беруде.

22 жастағы қызылордалық ару мал бордақылауды кәсіп етті
22 жастағы қызылордалық ару мал бордақылауды кәсіп етті
22 жастағы қызылордалық ару мал бордақылауды кәсіп етті
22 жастағы қызылордалық ару мал бордақылауды кәсіп етті

  ҚазАқпарат
Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары