Наурыз тойлап жүрген 80-ге жуық бала жоғалып кеткен
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

2,1 мыңнан астам бала Таяу Шығыстағы шиеленістің зардабын тартты

2,1 мыңнан астам бала Таяу Шығыстағы шиеленістің зардабын тартты
Фото: Pixabay

Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс басталғалы бері 2,1 мыңнан астам бала мерт болған және жараланған. Бұл туралы ЮНИСЕФ атқарушы директорының орынбасары Тед Чайбан мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

— Қақтығыс салдарынан 2,1 мыңнан астам бала қыршынынан қиылды. Атап айтқанда Иранда 206 бала, Ливанда - 118, Израильде – төрт, Кувейтте бір бала мерт болды. Бұл — ресми деректер, ал зорлық-зомбылық жалғасқан сайын зардап шеккендер саны арта береді. Орта есеппен күніне шамамен 87 бала зардап шегеді, — деді ол Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде журналистерге берген сұхбатында.

Ол жағдайдың одан әрі ушығу қаупі бар екенін ескертті.

— Қақтығыстың кеңеюі немесе созылуы миллиондаған адам үшін апатқа айналады, — деді Тед Чайбан.

Шиеленіс халықтың жаппай қоныс аударуымен қатар жүріп жатыр. Иранда мәжбүрлі түрде көшкендердің саны 3,2 млн адамға жетті, оның 864 мыңға жуығы — балалар. Ливанда 1 млн-нан астам адам, оның ішінде шамамен 370 мың бала үйлерін тастап кеткен. Көптеген отбасы мектептер мен басқа да қоғамдық ғимараттарға орналастырылған. Босқындардың бір бөлігі, соның ішінде шамамен 90 мың сириялық, Сирияға қайта оралған.

Қазіргі шиеленіске дейін-ақ өңірде шамамен 44,8 млн бала қақтығыс жағдайында өмір сүріп келген. Кейінгі оқиғалар олардың жағдайын одан әрі ауырлата түсті.

Тұрғын үйлер, мектептер мен медицина мекемелері зақымданған немесе қираған. Денсаулық сақтау жүйелері шамадан тыс жүктемемен жұмыс істеуде, гуманитарлық көмек жеткізу тізбегі бұзылған.

Ливандағы дағдарыс ұзаққа созылған экономикалық қиындықтар аясында өршіп жатыр. Көптеген отбасы қайтадан көшуге мәжбүр болып, толып кеткен паналау орындарына немесе аяқталмаған ғимараттарға орналастырылып жатыр.

350-ден астам мемлекеттік мектеп уақытша орналастыру пункті ретінде пайдаланылып, шамамен 100 мың баланың оқу процесі үзілген. Қашықтан оқытуға көшу әрекеттері қауіпсіз әрі тұрақты орта қалыптастыра алмай отыр.

Ливанда шиеленіс басталғалы бері 118 бала мерт болып, 372-сі жараланған — бұл елде күн сайын бір сыныптағы балалар санына тең көрсеткіште бала құрбан болады немесе жарақат алады.

Мемлекеттік қызметтерге түсетін жүктеме күрт артқан: сумен жабдықтау жүйелері зақымданған, мерт болғандар арасында медицина қызметкерлері де бар.

ЮНИСЕФ 250-ден астам орналастыру пунктінде 151 мың қоныс аударған адамға көмек көрсетті. Оларға ауызсу, санитарлық жағдай және бірінші кезекте қажетті заттар жеткізілген. Елге азық-түлік пен балаларға арналған арнайы тағам жеткізіліп, 13 мыңнан астам бала оқу құралдарымен қамтылды, ал жараланғандардың бір бөлігіне медициналық көмек көрсетілді.

Ұйым өкілдері соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға, гуманитарлық көмекті оңалтауға және зардап шеккендерге бөлінетін қаржыны арттыруға шақырды.

Осыған дейін ұйым өкілдері Ирандағы соққылардан да балалардың зардап шегіп жатқаны туралы жазған еді.

 https://kaz.inform.kz/news/tayau-shigistagi-shielens-saldarinan-21-minnan-astam-bala-koz-zhumip-keybr-zharalandi-yunisef-b14790/

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.