Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2020 жылы оқушылардың жазғы демалысы қашан басталады

2020 жылы оқушылардың жазғы демалысы қашан басталады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

Білім министрлігі бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау мерзімі туралы да айтты

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қазақстандық оқушылар әдеттегідей 25 мамыр күні жазғы демалысқа шығады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4-8 мамыр аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау, ал 18-22 мамыр аралығында тоқсандық жиынтық бағалау болады. 

25 мамыр күні барлық оқушылар жазғы демалысқа шығады. 

Еске сала кетсек, коронавирус пандемиясына байланысты оқушылар төртінші тоқсанды қашықтықтан оқып жатыр. 

Соңғы тоқсанда оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды бір реттен ғана тапсырады.

Тағы оқыңыз: Білім министрі мектебін сағынып жүрген Нұрисламға жауап берді

Қорытынды аттестациялық емтихан өткізілмейді. Аттестатқа жылдың қорытынды бағалары қойылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу мерзімі өзгерген жоқ.


sputniknews.kz
Автор
Айбар