Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды

2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

2020 жылды волонтер жылы деп жариялау идеясы Қазақстан-Ресей жастар форумында айтылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы Волонтер жылы деп жариялады.

Тиісті жарлық Ақорда сайтында шықты.

"Волонтерлікті дамыту мақсатында 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын. Үкімет Волонтер жылын өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын", - деп жазылған құжатта.

Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Нұрпейісов пен Сәпиевті жаңа қызметке тағайындады

Еске сала кетсек, 2020 жылды волонтер жылы деп жариялауды Қазақстандағы ұлттық волонтерлер желісінің төрағасы Вера Ким ұсынған болатын. Ұсыныс 2019 жылдың мамыр айында Қостанай қаласында өткен Қазақстан-Ресей жастары форумында айтылды. Мемлекет басшысы идеяны қолдады.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан