KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

2018 жылы қай салаларда жалақы азайды

• Мадияр

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда бірқатар салада жалақы өсті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.

Сонымен осы жылы мына салаларда жалақы өсті:

Туроператорлар қызметінде, турагенттіктер мен туризм саласында қызмет ететін ұйымдарда – 162 838 теңге (99,2%-138,3%),

Сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету - 374188 (86,9%-136%),

Жеке қолданудағы компьютерлерді, тұрмыстық тауарларды жөндеу - 237 840 (105,8% - 128%),

Жүкті сақтау және қаттау - 130 530 (102,4%-125,2%),

Әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласында - 193 234 (107,8%-123,2%),

Өзен жүк көлігі - 149 737 (115,3% – 122,8%),

Жоғары білім 149 784 (90,6%-117,7%),

Қаржылық және сақтандыру қызметі - 317 413 (94,7%-116,4%),

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметі - 499 228 (112,4%-116,2%),

Қоғамға жалпы мемлекеттік қызмет көрсету саласында - 135 898 (99,8%-115,9%).

Ал осы үшінші тоқсанда өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда бірқатар салаларда жалақы мөлшері төмендеді:

Қосымша білім беру қызметі - 143 576 тенге (114,9%-78,6%),

Жарнамалық қызмет және нарық жағдаятын зерттеу - 156 364 (95,6%-83%),

Әкімшілік-басқару, шаруашылық және өзге де қосымша қызмет көрсету салаларында 172 149 (116,9%-87,7%),

Кино өндірісі, бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар, фонограмма және музыкалық жазбалар - 149 444 (90,6% – 87,8%),

Автокөлікпен жүк тасымалдау және тасымалдау бойынша қызмет - 226 959 (97,9% – 90,1%),

Басты компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша кеңес беру - 505 020(108,2%-95,2%),

Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да тиісті қызмет түрлері - 304 281 (102,2%-96%),

Су көлігі - 560 818 (101,4% – 97,2%),

Жылжымайтын мүлікке қатысты жүргізілген жұмыстарға келісім негізінде сыйақы беру - 144 229 (116,3%-98%),

Теңіз және жағалау жүк көлігі 683 234 (100,8%– 99%).

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміз бойынша ең жоғары жалақы алатын өңірлер және еліміз бойынша ең жоғары жалақыны кімдер алатыны туралы жазған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →