Парақорлық көбейген: ҰҚК маусым айында 125 құқық бұзушылықты анықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

200 шетелдік Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз алып шықпақ болған

200 шетелдік Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз алып шықпақ болған
Фото: bureauveritas.co.uk

Жыл басынан бері Қазақстан шекарасы арқылы жанар-жағармайды заңсыз тасымалдауға әрекет жасаған 255 адам жауапкершілікке тартылды. Олардың 195-і – шетел азаматтары, ал 60-ы – Қазақстан азаматтары, деп хабарлайды kznews.kz.

Ішкі істер министрлігі қосымша жанармай бактарымен заңсыз жабдықталған көлік құралдары арқылы жанар-жағармайды шетелге заңсыз шығарудың жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейту мақсатында автомобиль өткізу бекеттерінің маңында 59 полиция бекеті жұмыс істеп тұр. Бұл бекеттерде полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік шекарадан өтетін көлік құралдарын тексеріп, заңсыз отын тасымалдау әрекеттерінің алдын алуда.

«Жыл басынан бері қосымша отын бактары заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын пайдалану бойынша 255 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Құқық бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 7-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.

Жауапкершілікке тартылғандардың ішінде 195 шетел азаматы және Қазақстан Республикасының 60 азаматы бар. Заңсыз орнатылған қосымша отын бактары бөлшектелгеннен кейін көлік құралдары иелеріне қайтарылды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі