Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда теракт жасамақ болған 5 шетелдік ұсталды

Алматыда теракт жасамақ болған 5 шетелдік ұсталды
Фото: ашықдереккөз

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қыркүйегінде болған.

Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда отыр, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қыркүйек пен қазан айларында терроризмді насихаттаған деген күдікпен сегіз қазақстандыққа қатысты да қылмыстық істер қозғалып, олар да қамауға алынған.

Ресми дерекке сәйкес, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сай тергеу барысына қатысты мәліметтер жарияланбайды.

Осы кезеңде ҰҚК материалдары негізінде алты адам террористік және экстремистік әрекеттері үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Жалпы, жыл басынан бері осындай қылмыстар бойынша 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, олардың алтауы – шетел азаматтары.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.