Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

17 жастағы қызының жүкті екенін біліп қойған анасы өзін-өзі өртеп жіберді

17 жастағы қызының жүкті екенін біліп қойған анасы өзін-өзі өртеп жіберді
Arasha.kz коллажы

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы Ақ-Суу ауданында қайғылы оқиға орын алды. Бұл туралы Kaktus.media басылымы хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 25 ақпан күні 1985 жылы туған жергілікті тұрғын милицияға хабарласып, 2009 жылы туған қызының 16 апталық жүкті екенін мәлімдеген. Осыдан кейін құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған қыздан түсініктеме алған. Тергеу барысында анасы қатысудан бас тартып, болған жағдайға байланысты адамдардың алдында қатты қысылып жүргенін айтқан. Сұрау салу аудандық отбасы және балаларды қорғау бөлімінің маманының қатысуымен жүргізілген.

Сол күні кешкі сағат 21:00 шамасында әйел дүкенге баратынын айтып, үйден шығып кеткен. Кейін ол үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртегені белгілі болды. Ауыр күйік алған әйел ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер