Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты - Қазақстан жаңалықтары

20.02.2020: Қазақстандықтар некеге отырудан рекорд орнатты - Қазақстан жаңалықтары

Бүгін Қазақстанда некеге отырушылар саны басқа күндерге қарағанда анағұрлым көп. 2020 жылдың екінші айының жиырмасыншы жұлдызында шаңырақ көтерушілердің саны сегіз жүз жұп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды. 

Ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдау қазақстандықтар үшін дәстүрге айналған. Бүгін елордада, Алматыда және Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында некесін қидырып жатқандардың саны көп.

Әділет министрлігінің мәліметінше, жас жұбайлардың ең жас жұбы 16-22 жаста болса, ең кәрі жұп 65-70 жаста. Жалпы жыл басынан бері елімізде 15 мыңдай азамат шаңырақ құрыпты.  

"Бүгін, 2020 жылдың 20 ақпан күні, 20.02.20 деп жатырмыз, Қазақстан Республикасында 1600-ге жуық қазақстандық некесін құрды – 800-ден астам жұп құрылды. 2019 жылы тап осы күні 241 неке құрылған. Қыс айына бұл өте үлкен көрсеткіш",- Маржан Дінғалиева, ҚР әділет министрлігінің басқарма басшысы.


stan.kz
Автор
Данияр