Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

2 жасар бала терезеден құлап мерт болды

2 жасар бала терезеден құлап мерт болды

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

2017 жылы дүниеге келген бала бес қабатты үйдің терезесінен құлаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Петропавл қаласында екі жасар сәби 5-қабаттан құлап, шетінеп кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 11 маусым күні сағат 12:35-те Шоқан Уәлиханов көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде болған.

"Бес қабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 2017 жылы дүниеге келген ер бала құлап кетті. Ол үйде ата-анасының қарауынсыз қалған", - дейді комитет таратқан хабарламада.

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі жетті. Алайда бүлдіршіннің көз жұмғаны анықталды.

Тағы оқыңыз: Семейлік әйел қолындағы баласымен бірге 12-қабаттан құлап кетті

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға баланы үйде жалғыз қалдырмауға және оларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге кеңес береді.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр