KZNews.kz
Жаңалықтар

2 адамның өмірін қиған жол апаты: Шавкат Рахмоновтың жұбайы күдікті деп танылды

Дархан Тоқан
Коллаж: POLITICO.KZ

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гулайым Рахмонованың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Kznews.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің мәліметінше, Гулайым Рахмонова осы іс аясында күдікті мәртебесіне ие болған. Қазір тараптар қылмыстық істің материалдарымен танысу кезеңінен өтіп жатыр.

Еске салайық, жол апаты 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы–Екатеринбург автожолының 299-шақырымында болған. Полиция дерегінше, Toyota Land Cruiser 200 тізгінінде отырған Гулайым Рахмонова рульге ие бола алмай, көлік аударылған.

Қайғылы оқиға салдарынан екі әйел көз жұмып, спортшының жұбайы мен баласы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.

Кейін Жамбыл облысының полициясы оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялап, кадрларда аударылған көліктің қатты зақымданғаны, бір дөңгелегінің бекіткіштен ажырап кеткені және көлік бөлшектерінің жан-жаққа шашылғаны байқалатынын хабарлаған.

Дархан Тоқан
Автордың басқа материалдары