«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"18 жасқа толды": Бүгін әнші Мәдина Сәдуақасованың туған күні

"18 жасқа толды": Бүгін әнші Мәдина Сәдуақасованың туған күні

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова 44 жасқа толды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында отбасымен бірге түскен суретін жариялады.

“Сіздердің Мадикоштарыңыз бүгін 18-ге толды”, – деп жазба қалдырды өнер иесі. Мәдина Сәдуақасова туған күніне орай күйеуі Олжаспен және ұлы Әнуармен фотосессия жасады.

Әншінің құрбыларының бірі фотосессия барысында Мәдинаға үлкен қонжықтың образында келді. Тосынсый сәтті шығып, құрбысы Мәдинаға бір құшақ гүлін табыстап, туған күнімен құттықтады.

Эстрада жұлдызы 44 жасқа толды. Мәдинаны өнердегі құрбылары мен достары құттықтап, желіде ақжарма тілегін арнады.

“Сұлу қыз, ғажапсың! Мәдина, бақытты болыңыздар, жақсы көремін”, “Мадикошым, асыл досым! Ешкімге ұқсамайтын болмысың бар, ерекше жаратылған жансың! Жақсы көремін. Алладан амандығыңды тілеймін. Жарқырай бер, жасай бер, жақсы адам”, “Алла тілеуіңізді берсін”, “Туған күніңмен, сұлу да талантты Мәдина”, Туған күнің құтты болсын, қылықтым”, – деп жазды Аша Матай, Қарақат Әбілдина, Кенжебек Жанәбілов, “Айдай Исаева, Жазира Байырбекова сынды отандық шоу-бизнес өкілдері.

Автор
Айбар