«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

18, 19, 20 сәуір ауа райы: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент

18, 19, 20 сәуір ауа райы: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

"Қазгидромет"" синоптиктері 18-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерде тұман болады

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. "Қазгидромет"" синоптиктері 18-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Кей өңірлерде тұман болады.

"Батыс және солтүстік-батыс аймақтары атлантикалық циклонның ықпалында болады, мұнда найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады. Республиканың қалған аймақтарында ауа райы қолайлы, жауын-шашынсыз, ауа температурасы солтүстікте плюс 20-28  градус, ал оңтүстікте 25-33 градус ыстық", - деп хабарлады синоптиктер.

Ірі қалалардағы ауа райы 

18 сәуір күні астанада күндіз +19, түнде 4 градус жылы. Күн ашық болады.

Алматыда да астанадағыдай +19 градус шамасында болады. Түнде +8 градус.

Шымкентте 18 сәуір күні 21 градус жылы, түнде +8.

Жексенбі күні елордада күндіз 20 градус нөлден жоғары, түнде +5. Көшпелі бұлт.

19 сәуірде Алматыда +19 градус жылы, күн ашық, түнде +10.

Ал Шымкентте +23 градус, күн ашық. Түнде шамамен 10 градус жылы болады.

20 сәуір күні астанада +23 градус жылы, түнде +7 күн ашық.

Дүйсенбі күні де ауа райы алматылықтарды қуантады. Күндіз +20 градус нөлден жоғары. Түнде +11 шамасында.

Бұл күні Шымкентте +24 градус жылы, күн ашық, түнде +9 


sputniknews.kz
Автор
Айбар