Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“170-тен астам соққы” - Ер адам мүмкіндігі шектеулі азаматты азаптап өлтірді

“170-тен астам соққы” - Ер адам мүмкіндігі шектеулі азаматты азаптап өлтірді
Фото: Pexels

Тергеу мәліметінше, қайғылы оқиға 11 қыркүйекте Малая Черкизовская көшесіндегі пәтерде болған. Алкоголь ішкеннен кейін күдікті мен оның танысы арасында жанжал туындаған. Жеке араздық соңы қанды қылмысқа ұласып, ер адам мүмкіндігі шектеулі азаматқа пышақ, балта және өзге де заттармен 170-тен астам соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан сол жерде көз жұмған.

Аталған дерек бойынша қазір “Кісі өлтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер оқиға орнында тексеру жүргізіп, куәгерлерден жауап алды және қажетті сот сараптамаларын тағайындады.

Күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынған. Тергеу барысында оған қатысты қосымша тергеу әрекеттері жүргізілмек.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.