Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

17 қарашаға ауа райы болжамы

17 қарашаға ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 17 қарашаға ауа райы болжамын ұсынды. Кейбір өңірлерде бұрқасындатып, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түседі

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығысында кей жерде қар жауады.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды синоптиктер.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

  • Нұр-Cұлтанда күн аздап бұлтты, жауын-шашын болмайды, ауа температурасы -2 градусқа дейін жылынады.
  • Алматыда күн ашық болады, ауа температурасы +7 градус.
  • Шымкентте күн аздап бұлтты болады, 12 градус жылы, жауын-шашын түспейді.

Өңірлерде ауа райы қандай болады

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасындатып, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасындатып, желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қостанай облысында да бұрқасындатып, тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с -ке дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с-ке дейін жетеді.


sputniknews.kz
Автор
Данияр