Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“15 сағат бұрын той өткізген”: 12 адамның өмірін жалмаған сұмдық жағдай туралы тың ақпарат белгілі болды

“15 сағат бұрын той өткізген”: 12 адамның өмірін жалмаған сұмдық жағдай туралы тың ақпарат белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысының Алғабас ауылында бір отбасы өрттен қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Құрбан болғандар – 34 жастағы үй иесі, 31 жастағы жұбайы және олардың 5 баласы. Сонымен қатар үй иесінің 61 жастағы анасы мен ағасы ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Ағасының әйелі мен төрт баласы да қайтыс болды, ал бір баласы жансақтауда ем қабылдап жатыр.

Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетілуде.

«Ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр», – деді ол. Бір науқастың денесінің 12%-ы, қалған екеуінің 30% және 11%-ы күйген. Барлығы ОЖЖ аппаратына қосылған, Шымкенттен санитарлық авиация жіберілген.

Қайғылы оқиғадан 15 сағат бұрын отбасы сүндет той өткізген.

«Шараны ұйымдастырған отбасы тойдан кейін үйлеріне кеткен. Ал екінші бауырдың отбасы осы үйде түнеген», – дейді Қайырберген Болжымбетов.

Көршілер өрт кезінде айқай естіп, терезе алдында тұрған балалар мен ересектерді көргенін айтады, бірақ бәрін құтқаруға мүмкіндік болмаған.

«Газдан болған жоқ, жарылыс та естілмеді. Маған электр сымдары қысылып, токтан шыққан деп айтты», – дейді көрші.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов:

«Қазір жәбірленушілердің біреуі есін жиды. Қажет болса, үшеуін де Астанаға санитарлық авиация арқылы көшіруге әзірміз», – деп мәлімдеді. Ол тергеу жүріп жатқанын да атап өтті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.