Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

15 мың доллар жұмсаған: Белгілі журналист Мақпал Жүнісоваға арнап кітап шығарды - Қазақстан жаңалықтары

15 мың доллар жұмсаған: Белгілі журналист Мақпал Жүнісоваға арнап кітап шығарды - Қазақстан жаңалықтары

Мақпал Жүнісованың шығармашылық жолына арналған кітап жарыққа шықты. Алайда кітап авторы мүлде басқа кісі. Журналист Гүлмира Нәлібай Халық әртісінің 55 жылдық мерейтойына арнап шығарған. 

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

"Мақпал" атты кітапты жарыққа шығару идеясы 2018 жылдың соңғы айларында келді. Биыл Мақпал апайдың 55 жыл мерейтойы. Қандай ерекше сый жасасам, апайды қалай қуантсам деген оймен бір шешімге келдім. Кітап шығару идеясын қолға алдық", - дейді автор. 

Осы уақытқа дейін бірде-бір эстрада жұлдызының шығармашылығына арналған кітап жарық көрмеген. Алайда соған қарамастан, "Мақпал" кітабы оқырмандар арасында сұранысқа ие болмай тұр. Оған себеп - жарнаманың аздығы. Кітап мың данамен жарыққа шықты. 

"Қазір Facebook, Instagram парақшалары арқылы кітап сатылымын жүргізіп жатырмыз. Дүкендер желісімен де келісім жүргізіліп жатыр", - дейді Гүлмира Нәлібай.

Кітаптың басылып шығуына 15 мың доллар қаржы жұмсалған. Басылымның бір ерекшелігі мұқабасындағы "Мақпал" сөзі алтынмен апталып жазылған. 
"Кітаптың сапасы өте жоғары, ішіндегі қағаздарының өзі өте құнды, бағалы", - дейді Гүлмира Нәлібай. 


stan.kz
Автор
Арман