140 000 кәсіпорын: қай қала шағын бизнеске қолайлы?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

140 000 кәсіпорын: қай қала шағын бизнеске қолайлы?

140 000 кәсіпорын: қай қала шағын бизнеске қолайлы?
Фото: ашық дереккөздерден

Елдегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 140 мыңға жуықтады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының есебінде айтылған.

Статистика дерегінше, жалпы бұл секторда 1,3 миллион адам еңбек етеді екен. Ал шағын бизнестегі орташа жалақы 414 мың теңгені құрайды. Оның ішінде Алматыда бұл көрсеткіш 543 мың теңгеден асса, Астанада 481,9 мың теңгенің көлемінде болып отыр. Яғни, мегаполистердегі шағын бизнес қызметкерлерінің табысы ірі компаниялардағы жалақы деңгейіне жақындаған.

Оның үстіне шағын кәсіпорындардың ең көп бөлігі Алматы мен Астанаға шоғырланған екен. Мысалы, Алматыда 48 142, елордада 25 634 кәсіпорын жұмыс істейді. Екі қала елдегі шағын кәсіпорындардың 52,4 пайызын құрайды. Алматыдағы шағын бизнес секторында 415 377 адам, Астанада 207 421 адам еңбек етеді.

Жалпы, жыл басынан бері шағын кәсіпорындар өндірген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 12,7 триллион теңгеге жеткен. Салық салынғанға дейінгі пайданың шамамен жартысы Алматыға тиесілі, көлемі 1,8 триллион теңге.

Айтпақшы, биыл ел бойынша шағын бизнесті қолдауға 444 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған. Оның 200 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен бөлінсе, тағы 244 миллиард теңге банктер арқылы тартылып отыр.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.