Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.
14 сәуірге жоспарланған шаралар
09.00 - Үкімет отырысы. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында республикалық бюджеттің орындалуы талқыланады (Трансляция primeminister.kz сайтында онлайн-режимде және үкіметтің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы көрсетіледі. Байланыс телефоны: +7 (7172) 74 54 91).
17.00 – Белгібаевамен "Шығармашылық карантин". "Пилатес" – "Переменка"
15 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Шопениана", "Шехерезада" күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
16 сәуірге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры сахналайтын "Абай" операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.