“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Кемеге мінген жоқпыз. Үйге хабарластық”: Каспийдегі жаттығу кезінде хабарсыз кеткен екі сарбаз ел алдына шығып, мәлімдеме жасады

“Кемеге мінген жоқпыз. Үйге хабарластық”: Каспийдегі жаттығу кезінде хабарсыз кеткен екі сарбаз ел алдына шығып, мәлімдеме жасады
Фото: видеодан скриншот

Қорғаныс министрлігі бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді. Олар екі сарбаздың теңізге кеткен 17 әскери қызметкердің қатарында болмағанын мәлімдеді.

Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметкердің қаза табуынан кейін әлеуметтік желіде Айнар Ахметов пен Әли Мағауияның қайда болғаны туралы сұрақтар пайда болды. Кей жазбаларда олардың теңізде болғаны айтылып, туыстары сарбаздардың жағдайына алаңдаған. Қорғаныс министрлігі екі сарбазды ел алдына шығарып, дауға нүкте қойғысы келді, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

“Оқу-жаттығуға қатысқан әскери қызметкерлердің барлығы бірдей теңізде болмаған. Әрқайсысына жеке оқу міндеттері берілген.

“Оқу-жаттығу кезінде барлығына жеке тапсырма беріледі. Осы екі сарбазға қатысты да нақты міндеттер болған. Олар тапсырмаларын жағалауда орындады”, – деді Қорғаныс министрлігі өкілі.

Қорғаныс министрлігі екі сарбаздың әскери бөлімде екенін көрсетіп, олардың өзіне бірнеше сұрақ қойылған видеоны жариялады.

Алдымен Әли Мағауиядан 24 қыркүйекте қайда болғаны сұралды.

“Мен сол күні теңіз жағалауында болдым. Кемеге мінген жоқпын. Өзіме берілген міндетті, яғни теңіз жағалауын күзетуді атқардым”, – деді ол.

Әскери қызметкердің айтуынша, сол күні оған ұялы телефон қолдануға мүмкіндік берілген.

“Ата-анаммен сөйлесіп, өзімнің хәл-жағдайым жақсы екенін жеткіздім”, – деді Әли Мағауия.

Ал Айнар Ахметов те 24 қыркүйекте теңіз жағалауында болғанын және кемеге отырмағанын айтты.

“24 қыркүйек күні теңіз жағалауында болдым. Кемеге мінген жоқпын”, – деді Айнар.

Ол оқиғадан кейін үйдегілермен байланысқанын да айтты.

“Иә, хабарластым. Өзімнің хәл-жағдайымды айтып, менде бәрі жақсы екенін жеткіздім”, – деді әскери қызметкер. 

Қорғаныс министрлігі қоғамды тек ресми ақпаратқа сеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.