Елдегі ең ықпалды 50 бизнесмен кім?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде соғыс аумағында жүрген 14 қазақстандыққа қатысты қуанышты жаңалық жарияланды

Ресейде соғыс аумағында жүрген 14 қазақстандыққа қатысты қуанышты жаңалық жарияланды
ашық дереккөз

Бүгін 14 баланы соғыс аумағынан түскі сағат 13:00-ге дейін елшілікке алып кететін болды.

Луганскідегі соғыс аумағында жүрген 14 қазақстандықты 8 қазан сағат 13:00-ге дейін елшілікке жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы майдан аймағында жүрген қазақстандық Айнабек Келдібектің әпкесі Сымбат Еркінбек мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz

Сымбат Еркінбектің айтуынша, бұл ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлаған.

«Сүйінші, халқым. Бүгін 14 баланы соғыс аумағынан түскі сағат 13:00-ге дейін елшілікке алып кететін болды. Біздің ең алғашқы талабымыз – балаларды соғыс аумағынан әкету болған. Себебі кез келген уақытта оларды соғысқа әкетіп қалуы мүмкін еді», – деп жазды ол.

Ол жағдайға қатысты толық ақпарат кейінірек жарияланатынын айтты.

Бұған дейін Ресейге жұмыс істеуге барған қазақстандық жастар әлеуметтік желіде көмек сұраған еді. Олардың туыстары 7 қазанда Астанадағы Сыртқы істер министрлігінің ғимараты алдына жиналып, жақындарын елге қайтаруды талап етті.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі