Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

13 шілде – Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды ұлттық аза күту күні

13 шілде – Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды ұлттық аза күту күні

13 шілде – Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды ұлттық аза күту күні. Елде мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды, телерадио хабарларын тарату желісі өзгертілді.


Ведомствоаралық комиссияның 12 шілдедегі мәліметінше, пандемия басталғалы елімізде коранвирустан 375 адам қайтыс болған.

COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтарды еске алу үшін 13 шілде күні сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жарияланады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы жасаған үндеуінде қара жамылған отбасыларға көңіл айтты.

Тоқаев президент болғалы екінші рет ұлттық аза тұту күнін жариялап отыр. Бұған дейін мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алуға шақырған болатын.

Жалпы алғанда, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда тоғыз рет ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Автор
Айбар