Сенім статистикасы: құзырлы органдарға халық көзқарасы қандай?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

13 миллион теңге: Алматыда Gakku дауысы фестиваліне келгендер 94 мыңға жуық гүлді таптап тастаған

13 миллион теңге: Алматыда Gakku дауысы фестиваліне келгендер 94 мыңға жуық гүлді таптап тастаған
Алматы күніне орай өткен Gakku дауысы концертінің көрермендері 94 мыңға жуық гүлді жойды, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. 

Алматы қалалық экология және қоршаған орта басқармасының мәліметінше, шығын сомасы 13 млн теңгеден асты – бір жылдық, көп жылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылды. Барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталып кеткен.

Бұдан бөлек, концерт өткен Алмалы ауданында 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит қоқыс жәшігі, екі камераның негізі қираған.

"Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығы болып табылатын мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру мен көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды. Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі-жаңа өсімдіктер қысқа мерзімде отырғызылады",- деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Айта кетейік, күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады. Декоративті көгалдандырудың жалпы аумағы - 159 мың шаршы метр, ал газон аумағы - 26 мың шаршы метр.

Автор
Данияр