"Изолятор сияқты": Қостанай облысында да жазғы лагерьден шу шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

12 жастағы қызының көзінше әйелін өлтірген атыраулық зейнеткерге үкім шықты

12 жастағы қызының көзінше әйелін өлтірген атыраулық зейнеткерге үкім шықты
istockphoto.com

Атырауда әйелін аса қатігездікпен өлтірген 63 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты. Ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға 16 наурызға қараған түні болған. Тергеу мәліметінше, сотталушы 13 жыл бірге тұрған әйеліне 12 жастағы қызының көзінше бірнеше рет пышақ сұққан.

Сот барысында ер адамның қылмысқа алдын ала дайындалғаны айтылды. Атап айтқанда, ол оқиға алдында үйдегі бейнебақылау камераларын өшіріп тастаған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады. Сонымен қатар сот шешімімен ол жәбірленуші тарапқа 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Қаза тапқан 58 жастағы әйел Атыраудағы мектептердің бірінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер