Жаңалықтар

Атыраулық тілшіні қорқытқан азамат туралы тың ақпарат шықты

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
Атыраулық тілшіні қорқытқан азамат туралы тың ақпарат шықты
Коллаж Alash.kz коллажы, суретте Атырау облысында жоғалған отбасы мүшелері мен журналист Жанат Молдашова

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты деректерді зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашоваға түн ішінде белгісіз адам хабарласып, ақпарат таратпауды талап еткен, деп хабарлайды kznews.kz Alash.kz сілтеме беріп.

Мәліметке қарағанда, телефон соққан азамат өзін «Өзбекстаннанмын» деп таныстырып, Жангелдин ауылындағы жағдайға қатысты деректердің жарияланбауын қатаң түрде ескерткен. Журналист мұны қоқан-лоқы ретінде қабылдап, бірден құқық қорғау органдарына жүгінген.

Оқиғадан кейін полиция жедел іздестіру шараларын бастап, қорқытып-үркіткен адамның кім екенін қысқа уақыт ішінде анықтағаны айтылады. Алайда күдіктінің нақты қандай жағдайда байланысқа шыққаны және оның әрекетіне қандай құқықтық баға берілетіні әзірге нақтыланбаған.

Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі жазбасында елді алаңдатқан оқиғаға байланысты негізсіз қысым көрсетіп, хейт жазатындар да жауапкершіліктен тыс қалмайтынын атап өтті.

“Алақандай ауылдағы сұмдықты көріп, елдің есі шығып отырғанда осындайлар ерігеді. Хейт жазып, жекеге өтетіндердің барлығы жауапкершілікке тартылады. Ерігіп отырғандар осыны ескерсін! Мен үшін алаң болған баршаға рахмет!” - деп жазды журналист. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz