ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

12 млн теңгені жымқырған: Көріпкелдің көрсеткен қорлығы

12 млн теңгені жымқырған: Көріпкелдің көрсеткен қорлығы

Қарағанды тұрғыны белгісіз көріпкелге 12 миллион теңгесін бере салған. Сиқырлы рәсімдердің әсерін күтпей, ол полицияға жүгінді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

7 желтоқсанда құқық қорғау органдарына 41 жастағы қарағандылық шағымданды. Ол әлеуметтік желілерде «тегін бал ашамын» деген жарнамаға жүгінеді. Нәтижесінде ол мистикалық амалдары үшін көріпкелге 12 млн 266 мың теңгені санап берген. Көріпкел бұл ақшаға шырақ пен салттық керек-жарақтар сатып аламын деп сендірген. Ақырында тапсырысы орындалмаған.

Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген қарағандылық дереу полицияға жүгінді. 10 желтоқсанда тәртіп сақшылары «тегін балгерді» ұстады. Бір қызығы ол 23 жастағы жігіт болып шықты. Ол кінәсін толық мойындады.

ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Нұрсұлтан