Мысырдың солтүстігінде көлік жүргізуді үйреніп жүрген 11 жасар бала жеті жасар баланы қағып өлтірді. Жол апатына кінәлі баланың әкесі қамауға алынды.
Дүйсенбі күні Ширбин қаласында көлік қағып кеткен 7 жасар бала ауруханада көз жұмды.
Марқұмның әкесі мен тағы екі куәгер оны басқа бір баланың қағып өлтіргенін айтты.
«Бас прокуратура жол апатына кінәлі 11 жасар баладан оқиғаның мән-жайы туралы сұрады. Ол көлікті әкесіне айтпай айдап әкеткенін, баланы қағып өлтіргенін мойындады. Сондай-ақ, әкесі осы оқиғаға дейін бір апта бойы көлік жүргізуді үйреткені белгілі болды», — делінген прокуратура таратқан хабарламада.
Ал әкесі ұлының айтқан сөзін жоққа шығарып отыр. Ұлдың әкесі төрт күнге қамауға алынды. Тергеу шаралары кезінде көлік тәркіленді.