Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"11-сыныпта көзге түсті". Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші келіншегі туралы айтты

"11-сыныпта көзге түсті". Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші келіншегі туралы айтты

Қазақстандық танымал әнші Еркін Нұржанов өзінен 14 жас кіші келіншегімен қарым-қатынасы қалай басталғанын айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, сүйіктісі 11 сынып оқып жүргенде көзіне түскен, деп жазады Kznews.kz. тілшісі. 

Еркін Нұржанов келіншегін алғаш рет ол 6-сынып оқып жүрген кезде көрген. Әншінің айтуынша, сүйіктісі көз алдында өскен. "Келіншегіме үйленген кезде 16 жасар қызға үйленді деген біраз әңгіме болды. Әйелімді алғаш көргенде ол 6-сынып оқитын, бірақ ол кезде бірден ғашық болған жоқпын. Көз алдымызда өсті. 11-сыныпқа жеткен кезде көзімізге түсті ғой, - деді әнші "Ұйқым келмейді" бағдарламасында.. Сондай-ақ өнер иесі отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Бүгінде келіншегі екеуі төрт баланы тәрбиелеп отыр. "Үйленгенімізге 10 жыл болды. Әйелім үйде бала тәрбиесімен айналысады. Кейде жұмыс істеймін деп қиқалаң салады. Бірақ 4 бала-шағаның өзі үлкен жұмыс. Қайыр, Сая, Ақбаян, Анарбай деген 2 ұлым, 2 қызым бар. Өзім жұмсақ әкемін. Бала-шағаны арасында көріп тұрамыз, көп көрісе бермейміз. Мүмкіндігінше көрген кезде еркелетіп құшақтап, иіскеп, сүйіп, соған үлгеріп қалуға тырысамыз", - деді өнер иесі.

Автор
Данияр