KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“100 миллион теңге”: Гаджи Гаджиев Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетпек

• Айжан Сыланова
Фото: ulysmedia.kz

Қазақстандық кәсіпкер әрі спорт саласының өкілі Гаджи Гаджиев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі және еліміздің спорт қауымдастығының өкілі ретінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 миллион теңге көлемінде материалдық қолдау көрсету туралы шешім қабылдадым», – деді ол.

Кәсіпкер қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтып, ауыр қазаға байланысты қайғыға ортақ екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылданған болатын.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →