Әзербайжан диаспорасы әскери қызметшілерді іздеп жатқандарға алғашқылардың бірі болып көмекке келді
RU KZ
Жалпыұлттық аза тұту күні

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Allur, QazTehna және Agromash зауыттары қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көмектеседі

Allur, QazTehna және Agromash зауыттары қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көмектеседі
Фото: ашық дереккөзден

Каспий теңізіндегі сұрапыл дауыл кезінде ажал құшқан сарбаздардың қазасы бүкіл елдің қабырғасын қайыстырып, отандық ірі бизнес өкілдерін шұғыл әрекетке көшірді.

Қостанай мен Сарандағы Allur, QazTehna және Agromash машина жасау зауыттары Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсететінін хабарлады. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Андрей Лаврентьев әр отбасына 25 миллион теңгеден қаржылай көмек беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде аза тұту күнін жариялады. Халқымыз қашанда қиын-қыстау кезеңде бір-біріне сүйеу болып, қолдау көрсеткен. Осындай ауыр сәтте біз де әріптестерімізбен бірге қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қол ұшын созуды азаматтық парызымыз деп санаймыз», — деді Андрей Лаврентьев.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде болды. Әскери қызметшілер Каспий жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. Сол кезде оларды теңізге алып кеткен.

Алғашында теңізге 19 әскери қызметші кеткені хабарланғанымен, кейін Маңғыстау облысының әкімдігі олардың саны 17 екенін нақтылады.

Қазір 12 адамның қаза тапқаны белгілі. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханада жатыр. Қалғандарын іздеу жалғасып, оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары