Әзербайжан диаспорасы әскери қызметшілерді іздеп жатқандарға алғашқылардың бірі болып көмекке келді
RU KZ
Жалпыұлттық аза тұту күні

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“100 миллион теңге”: Гаджи Гаджиев Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетпек

“100 миллион теңге”: Гаджи Гаджиев Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетпек
Фото: ulysmedia.kz

Гаджи Гаджиев Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі ретінде спорт қауымдастығының атынан өкілдік етеді. Оның айтуынша, қайғылы оқиға салдарынан жақынынан айырылған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында қаржылай көмек беруді ұйғарған.

Қазақстандық кәсіпкер әрі спорт саласының өкілі Гаджи Гаджиев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі және еліміздің спорт қауымдастығының өкілі ретінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 миллион теңге көлемінде материалдық қолдау көрсету туралы шешім қабылдадым», – деді ол.

Кәсіпкер қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтып, ауыр қазаға байланысты қайғыға ортақ екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылданған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.