"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"10 жылдан бері құжат тапсырып жүрмін": Нұрлан Еспанов атақ алу мәселесіне қатысты ренішін айтты

"10 жылдан бері құжат тапсырып жүрмін": Нұрлан Еспанов атақ алу мәселесіне қатысты ренішін айтты

Танымал әнші Нұрлан Еспанов атақ алу мәселесіне қатысты ойын айтып, реніші барын жасырмады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі “Revue news” бағдарламасына сұхбат беріп, атақты жас күнінде алмағасын, бүгінде алудың ешқандай мән-мағынасы жоғын айтады. 

"Мен негізі көптеген әндерімді, жазған дүниелерімді өткізген болатынмын. 10 жылдай қағаз тапсырдым. Біздің жасымыз да келді ғой, атаққа кешіктік қой. Шәмші Қалдаяқов атамыз "Өлер алдында атақ әкеп берсе не болды, бір атақтарың таусылып қалатындай" деп айтады ғой. Білмеймін, сол атақ бізге жетпей қалып жатыр ғой", –дейді әнші.

Еске салайық, қоғамда Әлішер Каримовтың атақ алғаны қызу талқыға түскен еді. Әнші Әміре 30 жасына дейін атақсыз қалғанына ренжіп, жазба жариялаған еді. 

“Эстарада әншісінің мансабындағы ең маңызды деген барлық конкурстарына барып, төбе көрсетсем де, биыл маған тағы да бұйыртпапты. Еш реніш емес, 30 жасыма дейін "Еңбек сіңірген қайраткері" атағын алу деген пенделік арманым болған. Кейінге қалады. Әріптестерімді маңызды марапаттарымен құттықтаймын", – деп жазды ол. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.