Шоу-бизнес

1 қыркүйектен бастап мемлекеттік стипендия мөлшері өседі

KZNEWS KZNEWS
1 қыркүйектен бастап мемлекеттік стипендия мөлшері өседі

2023 жылдың 1 қыркүйегіненбастап ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері артады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Үкімет қаулысына сәйкес бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға, техникалық және кәсіптік білім студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға артады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған қаулыға сәйкес шәкіртақы мөлшері төмендегідей:


  • докторанттарға (оның ішінде "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша) – 217 500 теңге;

  • даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;

  • магистранттарға – 97 024 теңге;

  • интерндерге – 75 890 теңге;

  • жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық және "Денсаулық сақтау" бағыттары бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

  • даярлаудың педагогикалық бағыттары және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41 898 теңге;

  • техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;

  • техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.


Қаулы 2023 жылғы 1 қыркүйектен қолданысқа енеді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz