Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қонақ үй, шипажай-сауықтыру кешендері санитарлық нормаларды қатаң сақтай отыра жұмысқа кірісетіні хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр —Sputnik. Қазақстанда 1 маусымнан бастап курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары ашылады. 

Шешім премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қабылданды.

"2020 жылғы 1 маусымнан бастап қатаң санитарлық нормаларды сақтай отырып, кәсіподақтар федерациясының қонақ үйлері мен сауықтыру санаторийлері және өңірлердегі курорттық, емдеу-сауықтыру нысандары қызметін қайта бастайды", - деп жазылған премьер-министрдің ресми ақпарат ресурсында.

25 мамырдан бастап Атырау қаласымен ішкі әуе қатынасы жанданады.

Сондай-ақ, 1 маусымнан бастап кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын іске қосуға байланысты теміржол вокзалдарының қызметі санитарлық нормаларға сәйкес ұйымдастырылады.

Қазақстан азаматтарын шет елдерден қайтару жұмысы жалғасады.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан