GGG UFC чемпиондарымен жұдырықтасуға дайын (видео)

0

Геннадий Головкин Нұрмағамедов және Макгрегормен кездесуі мұмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Орта салмақтағы экс-чемпион Геннадий Головкин жеңіл салмақтағы UFC чемпиондары Хабиб Нұрмағамедов, Конор Макгрегормен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Головкинді ұлы Вадиммен аэропортта көрген TMZ Sports сайтының журналисті оған бірнеше сұрақ қойып үлгерді.

— GGG қалың қалай?

— Жақсы.

— Келесі қарсыласың кім болады?

— Әзірге білмеймін.Әлі ойластырмадық.

— Хабиб немесе Макгрегормен рингте кездесуге қалай қарайсың?

— Иә. Олар аңызға айналған спортшылар. Мен соңғы жекпе-жекті көрдім. Өте жақсы кездесу болды.

— Нақты кіммен кездесу өткізгің келеді?

— Екеуімен де.

— Шынымен ба?

— Иә (күлді)

— Жекпе-жек қалай өтуі мүмкін?

— Мен білмеймін. Ешкім білмейді.

— Сен шынымен Хабиб немесе Макгрегормен Ресейде жекпе-жек өткізуге қалай қарайсың?

— Неге өткізбеске? Алдағы уақытта көре жатармыз.

«Қамшы» сілтейді