Елбасыдан көмек сұрап кітапханаға барды

0
1045

Қытайдың Шыңжаң аймағында қалған туыстарын қайтаруды сұраған бір топ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығмуллин мен депутат Қазыбек Исаға және Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлына арнап хат жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

«Елбасы кітапханасына бардық. Елбасының қабылдауға жауапты адамы шығып, әрқайсымыздың мәселемізді жеке-жеке тыңдап, хатты қабылдап алды және міндетті түрде көңіл аударатынын айтты», – деді Байболат Күнболатұлы. Оның айтуы бойынша, бұл топ Алматыдан Нұр-Сұлтанға 21 қыркүйекте келген. Бұған дейін Президент әкімшілігіне, Бас прокуратураға, Сыртқы істер министрлігіне және әртүрлі елдердің елшіліктеріне хат тапсырған. «Сыртқы істер министрлігінен жауап алдық. Олар бізге берген хатында Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының басшылығымен кездесу өткізіп, осы мәселені айтқанын, ал Шыңжаң жақтың басшылығы пандемия біткеннен кейін мәселені жеделдетіп шешеміз деп жауап бергенін жазды», – деді Байболат Күнболатұлы. Айта кетейік, халықаралық ұйымдар Қытайда тұратын мұсылман халықтарға «геноцид» жасалып жатыр деп таныды, ал Қытай тарапы оны жоққа шығарады.