«Өзіме сыйлық жасадым»: Атышулы Байзақова қымбат көлік сатып алды (Видео)

0

Отандық танымал блогер Айжан Байзақова өзіне аса қымбат тұратын Mercedes-Benz автокөлігін сатып алды. Желі жұлдызы жаңа көлігін Instagram парақшасында көрсетті. Айжан Байзақова көлік сатып алғанын бірден өз оқырмандарымен бөліскен. Ол қуанышты сәтінен видео жариялаған. Блогер арудың сөзінше, аталмыш автоны оның ұлы қатты қалаған. «Өзіме сыйлық жасадым. Оны ұзақ уақыт бойы армандап жүр едім. Біз бәрін өзі істей алатын әйелдер буынымыз. Менің жаңа ер азаматым қалай? Құттықтауларыңызды қабылдаймын. Көрімдіктерді де», — деп жазды Байзақова.

Желі жұлдызының қуанышына орай оның ет-жақындары жиналған. Олардың арасында Айжанның анасы, інісі және Madlen атты танымал блогер де болды.

Айжан Байзақова өзін құттықтап жатқан жандарға және бұл көлікті алуына елеулі үлесін қосқан отбасына өз алғысын білдірді.

«Бұл қуанышымды менімен бірге бөліскендеріңіз үшін рахмет. Біреу үшін қуана білетін жан өзі екі есе бақытты болады. Бұл қадамға баруыма түрткі болған анама алғысым шексіз. Ер адамдар айналысатын мәселелерді таңнан кешке дейін шешіп жүрген ініме рахмет. Маған қолдау мен сенім білдірген достарыма рахмет. Бес жыл бойы менімен бірге болған оқырмандарыма рахмет. Мен арманымның орындалғанына әлі де сенбей тұрмын. Қазір түсімнен оянып кететіндеймін», — деп жазды блогер.