Жыныстық жолмен ақша табуға аттанғандар саны аз емес

0

Биыл Қазақстанда адам саудасына қатысты 200 қылмыстық іс қозғалған. Оның 78-і сотқа жолданса, қалғандары бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

ІІМ Тергеу департаментінің мәліметінше, соңғы 3 жылда әр жыл сайын адам саудасының 90 құрбаны анықталған. Оның 20-сы мәжбүрлі еңбекке тартылған. Бұл ретте «адам экспорты» көбіне Катар, Индонезия, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия және Оңтүстік Кореяға аттандырылып келген.

«Сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан адам әкелетін екі импорт дәлізі анықталып, жойылды. Бахрейнге жыныстық жолмен ақша табуға тартылғандардың арасында кәмелетке толмағандар да бар. Зардап шеккендердің жалпы саны 39-ға жетті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр», — деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.