«Біз мұсылманбыз деп айтамыз»: Атырау облысында халық шошқа шаруашылығын жабуды сұрап жатыр

1
865
Advertisement

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылында доңыз шаруашылығын жабуды сұрағандардың видеосы қызу талқыға түсті. Көпшілік видеодағы шошқа қалдықтарын көріп таңқалуда, деп хабарлайды KazNews ақпарат агенттігі.

Аталған доңыз шаруашылығын жабу туралы ауыл тұрғындары бірнеше жыл қатарынан айтып келеді. Осы уақытқа дейін жұрт талабына жергілікті билік құлақ аспаған. Сондай-ақ, аталған мәселе БАҚ-та талай көтерілген-ді. Енді жерінің ластануынан әбден мезі болған тұрғындардың өзі әрекетке кіріскен сыңайлы.

«Біздің жақтың жігіттері. Шошқа вазда жүрміз. Бұйырса, жабылады шошқа ваз», — дейді видеодағы дауыс.

Енді екіншісі «Күніне 300 бас шошқа сойылады. Ойла бір жылда, он жылда неше бас сойылады? Осыншама кишка біздің жерімізде іріп-шіріп жатыр. Мына шошқа вазын ауызбіршілікпен жабайық та?! Давай, көтеріліңдерші. Біз «мұсылманбыз» деп айтамыз. Кезінде ата-бабаларымыз осы шошқалар үшін, жер үшін қырылған ба? Осыншама жерімізді осы шошқаның ішек-қарнымен былғап жатырмыз ғой — асыл жерімізді, жер анамызды» дейді екінші дауыс.

Алайда ветеринарлық инспекция басшысы Темірбек Нұртазин бұған дейін ЖШС қызметіне ветеринарлық санитария бойынша шағымдар болмағанын мәлімдеді.

«Біз өткен жылы тексергенде өндірістерінде қалдық болған жоқ. Малды союдан кейінгі барлық өнімдер жем цехын өңдеуге кетеді. Биылғы жылы экструдер істен шықты, сондықтан олар зауыт аумағынан тыс жерде жүре бастады. Видеода қалған қалдықтар тұрмыстық қатты заттар», — деді ол.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

1 Пікір

  1. […] сала кетсек, жергілікті тұрғындар фермаға қатысты наразылығын әлеуметтік желі арқылы білдірген-ді. Көпшілік онда санитарлық талаптардың сақталмағанына […]

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз