Үш жігіт зорлағанын айтқан Алматы тұрғыны оқиғаның мән-жайын айтып берді

0

Өзін үш жігіт зорлағанын айтқан Алматы тұрғыны оқиғаның мән-жайын айтып берді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, ол ғаламтор арқылы жас жігітпен танысып, достық қарым-қатынас орнатқан. Бір айдан кейін жаңа танысы үйіне компьютерлік ойын ойнауға шақырған. Бірақ белгіленген жерде ол жалғыз емес, достарымен күтіп отырған. Жәбірленуші келген сәтте үш жігіт ұрып, пышақпен қорқытып, зорлаған.

«Ұрды, қорқытты, зорлады. Мен олардың барлығына физикалық тұрғыда қарсы тұра алмадым. Мені қорқыныш жеңіп, өз өмірімнен қорқып, олардың сұрағанының бәрін орындадым», — дейді 30 жастағы Әділ.

Бұзақылық үш сағаттан астам уақытқа созылған. Жастар болып жатқанның барлығын видеоға түсіріп алған. Видео үшін жарты миллион теңге талап еткен. Әділдің картасында ондай ақша болмаған. 100 мың теңге беріп құтылған.

«Олар мені пәтерден шығарғанда қайда бара жатырмын, не үшін барамын, не істеу керек түсінбедім. Өз-өзіме қол жұмсаймын ба деген ойлар да болды», — деп еске алады жәбірленуші.

Әділ бұл үш жігіт осылай нәпақа тауып жүр деп болжайды.