Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болып, көлікте отырған үш бала өртеніп кетті
Ақтөбеде 19 ақпанда жүк көлігімен жеңіл көлік соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктен өрт шығып, салонда отырған үш бала өртеніп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, сағат 16.00-де Ақтөбедегі «Оңтүстік айналма жол» тасжолында екі көліктің қатысуымен жол апаты болған. Алдын ала болжам бойынша, Lada Largus жүргізушісі өзі шыққысы келген қозғалыс жолағының бос екеніне көз жеткізбестен, DAF жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. Алған соққыдан жеңіл көлік аударылып, жанып кеткен. «Оқиға орнынан Lada Largus жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен Ақтөбе жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Ал көлік салонында отырған оның 2007, 2009 және 2021 жылы туған үш баласы өртеніп кетті», — деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.