БҚО-ның екі балабақшасында 2 қызметкерден коронавирус анықталды — Қазақстан жаңалықтары
Оралда екі балабақша қызметкеріне коронавирус анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев брифингте мәлімдегендей, індет анықталған екі балабақша жабылып, науқастармен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынды.
Сонымен қатар БҚО-да коронавирус бойынша мынадай жағдайлар жайлы айтылды.
«Күні бүгін 342 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, провизорлық және карантиндік стационарда жатса, 1134 адам үйлерінде оқшауланған. Осы кезге дейін 226 адам емделіп шықты. Өңірде 15 маусымға дейін ұзартылған карантиндік шектеу шараларының жеңілдетілуі немесе күшейтілуі алдағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болмақ», — деді Н.Мұстаев.
stan.kz