Қазақстанда 26 мамырда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан 26 мамыр мен 17 маусым аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимінде ұйымдастырылады. Біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

26 мамырға жоспарланған шаралар

9.00 — Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы; мал шаруашылығын дамыту. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимінде таратылады. Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74 58 64, 75 00 10 телефондары немесе премьер-министр баспасөз қызметінің press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.

11.00 — Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламасы операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырысы. (БАҚ қатыспайды).

15:00 – Қазақстан баспасөз клубы «Экология кодексі: барлығы «қолдайды» және «қарсы» тақырыбында онлайн баспасөз конференциясын өткізеді. Қазақстан баспасөз клубының Facebook-тегі парақшасында тікелей  трансляция жасалады. Сұрақтарды 87017490200 ватсап нөміріне жіберуге немесе Facebook-тегі видеоның астына пікір ретінде қалдыруға болады.

Баспасөз конференциясының тақырыбы: Жаңа Экология кодексін әзірлеуге алғышарттар: Қазақстандағы экологиялық жағдай; жаңа Экология кодексін орта мерзімді перспективада іске асыру мүмкіндіктері мен болжалды нәтижелері; әлеуметтік-экономикалық салаға әсері: негізгі тәуекелдер мен болжамдар.  

Спикерлер: Ахметжан Пірімқұлов — Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, Айгүл Соловьева – «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы, Болат Ақшолақов — KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.

27 мамырға жоспарланған шаралар

15.00 – Орталық коммунациялар қызметінде энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимде энергетика министрлігінің интернет-ресурсында, Facebook, Youtube желілеріндегі ресми аккаунттарында және «Хабар 24» телеарнасында трансляцияланады. Министрге мына нөмірлер арқылы сұрақ қоюға болады: 8(7172) 786862, 786958, 786884, 786887, 786886 немесе a.tazabekova@energo.gov.kz поштасы арқылы. БАҚ өкілдері өз сауалдарын zh.khamitkyzy@energo.gov.kz поштасына жолдауы тиіс.

28 мамырға жоспарланған шаралар

20.00 – «Астана Балет» театрының On Stage/Online жобасы. Театрдың пайда болу тарихы мен оның дәстүріне арналған. Шығарылым қонағы – театрдың жетекші солисі Фархад Буриев «Вальпургиев түні» бір актілі балетіндегі көркем образдар туралы айтады. Дәрісті «Астана Балет» театрының Youtube-каналынан қарауға болады.

11 маусымға жоспарланған шаралар

11.00 – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуін өткізеді. Сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогына жіберуге болады; WhatsApp нөмірі: +7 (777) 433 27 04; электронды мекен-жайы: suraq@mdai.gov.kz (Онлайн-трансляция министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасында өткізіледі).

17 маусымға жоспарланған шаралар

15.00 – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың халыққа есеп беру кездесуі. Кездесу «Хабар 24» телеарнасында онлайн режимінде өтеді; тікелей эфирді Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook және YouTube арнасынан көруге болады. Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналарын қолдана отырып жолдай аласыз: министрдің «Ашық диалог» порталындағы блогы; министрліктің ресми сайтындағы «Сұрақ-жауап» онлайн-қабылдау; электронды мекенжай: ask@mti.gov.kz; министрліктің Facebook-тегі ресми парақшасы. «Есеп беру кездесуі үшін» деген белгі жасау керек. Сұрақтарды қарап, оларға сапалы және сенімді ақпарат дайындау үшін уақыт қажет, сондықтан, сұрақты 10 маусымға дейін жіберу ұсынылады. Анықтама үшін телефон: 74 98 97, 8 (701) 701 01 34.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz