Денсаулық сақтау министрлігі індетті қанша адам жұқтырғанын жариялады
Қазақстандық дәрігерлер коронавирус індетін жұқтырған тағы 33 адамды тiркеді, оның 14-і Нұр-Сұлтан қаласында
НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын қанша адам жұқтырғанын жариялады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін ұзартты
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 33 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында – 14 адам, Батыс Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Атырау облысында – 6 адам, Алматы қаласында – 8 адам, Қызылорда облысында – 2 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам.
Осылайша коронавирус жұқтырғандардың саны 1232 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 282,
- Алматы қаласы – 358,
- Шымкент қаласы – 39,
- Ақмола облысы – 79,
- Ақтөбе облысы – 12,
- Алматы облысы – 24,
- Атырау облысы – 69,
- Шығыс Қазақстан облысы – 8,
- Жамбыл облысы – 49,
- Батыс Қазақстан облысы – 12,
- Қарағанды облысы – 78,
- Қостанай облысы – 5,
- Қызылорда облысы – 121,
- Маңғыстау облысы – 10,
- Павлодар облысы – 11,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26,
- Түркістан облысы – 49.
Соңғы мәлімет бойынша індеттен 14 адам қайтыс болып, 203-і жазылып шықты.
sputniknews.kz