Ақмола облысында науқастың асқазанынан 112 бұрандалы шеге шықты

0

Ақмолалық дәрігерлер түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан ер адамның асқазанынан 800 грамнан астам металл зат алды

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Көкшетауда ер адамның асқазанынан дәрігерлер жалпы салмағы 800 грамнан асатын 112 бұрандалы шеге алып шықты.  

Операция Ақмола облыстық ауруханасында жасалған. Оған 5 бірдей дәрігер қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқи отырыңыз: Өскеменде қыздың асқазанынан шыққан бөгде зат хирургтерді таңғалдырды 

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, ер адам аймақтағы түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан. Оның осыншама шегені не үшін жұтқаны әзірге белгісіз.

Дәрігерлер қазір пациенттің жағдайы жақсы дейді. Тіпті ауруханадан да шығып үлгерген.
 



sputniknews.kz