Елімізде төтенше жағдай: Сауда орындары қалай жұмыс істеуде? — Қазақстан жаңалықтары
Күні кеше президентіміз жариялаған төтенше жағдайдан кейін, ірі сауда орталықтары өз жұмысын тоқтататыны хабарланғаны еді. Қазіргі таңда сауда орындарында жұмыс қалай жүріп жатыр. Stan.kz тілшісі сауда орындарына барып жағдайдың қалай өрбіп жатқанын көріп қайтты.
Қазіргі таңда Алматы қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының бірі «Mega Park»-ке келген әрбір қонақты есік алдында жіті бақылаудан өткізіп кіргізіп жатыр.
Күзетші келген адамдардың дене қызуын арнайы құралмен тексеріп, қолдарына санитайзер сеуіп кіргізіп жатыр.
Сондай-ақ, төтенше жағдайдан кейін орталыққа келушілер саны әдеттегіден әлдеқайда азайған. Ал «Esentai Mall» орталығында арнайы текcеріс болмаса да, ғимараттың көп бөлігі жабық тұр.
stan.kz